Келіндер көтерілісі

На сцене театра им. Мусрепова комедия Саида Ахмада - спектакль «Келіндер көтерілісі» («Бунт невесток»)

  Келіндер көтерілісі 3.jpg «Келіндер көтерілісі» («Бунт невесток»).JPG

Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жыл бұрын жазылса да, әлі күнге сахнадан түспей келе жатқан табысты шығармалардың бірі. Әлемнің 14 елінде аталған пьесаның желісімен мыңдаған спектакль қойылып, бірнеше көркемфильм түсірілгені белгілі.

Отбасында билігін жүргізіп дағдыланып қалған, жеті ұл, 41 немеренің анасы Фармон бибінің табалдырықтан кенже келін Нигора аттаған сәттен бастап тынышы кетеді. Ата-анасы бетінен қақпай өсірген шолжаң келін бұл шаңырақтың жазылмаған заңдылықтарына бағынғысы келмейді. Фармон бибінің жоқтығын пайдаланған Нигора абысындары мен қайынағаларын жұмылдырып, «генерал енені» сипаттайтын шағын қойылым дайындайды. Бас кейіпкерден өз бейнесін таныған ене қателігін түсініп, ұлдарының енші алып, бөлек шығуына рұқсат етеді. Пьесаның финалында «көтерілісті бастаған» Нигора дәстүр бойынша кенже келін ретінде қарашаңырақта қалады. Сөйтіп, тапқыр да алғыр Нигораның арқасында бұл отбасында шын мәніндегі түсіністік пен береке-бірлік орнайды.

Пьесаға негіз болған оқиға ене мен келін арасындағы ғана емес, адамның бостандығы, таңдау еркі мен ескі тәртіптің арасындаіы конфликтіге негізделген. Қойылым  барысында  өнер сүйгіш өзбек  халқының  дәстүрлі биін қолдана отырып, әдемі әзілмен әспеттелген, дәстүрлі театр элементтерін пайдаланған спектакль – көрерменді күлдіре отырып, ойға батыратыны хақ.  «Келіндер көтерілісі» спектаклі  комедия  жанрында  өрбіп,  арнайы  қойылған  көркем  биімен,  әсем  әуенімен  сахналық  шығармашылық  туынды  ретінде  әсерлі.

Авторы: Саид Ахмад
Аударған: Асқар Сүлейменов   
Қоюшы-режиссері және музыкамен көркемдеуші: Мұрат  Ахманов, ҚР-ның  еңбек  сіңірген  артисі
Қоюшы-суретшісі: Бақыт  Сраилов, Мәдениет  қайраткері
Киім үлгілерінің суретшісі: Әлия  Әбдікәрімова
Балетмейстер: Анар  Жүсіпова
Режиссердің ассистенті: Жақсыбек Құрманбеков,  Мәдениет қайраткері
Режиссердің  көмекшісі: Гүлфайруз  Смаилова

В комедии мы увидим историю одной семьи, во главе которой многоуважаемая Фармон биби, она - мать семерых сыновей и бабушка сорока одного внука. В этой семье установлены свои строгие порядки и законы. Младший сын женился,… и тут все началось! Младшей снохе не по нраву пришлись обязанности и требования свекрови – генерала, она добивается расположения старших снох и начинает настоящий бунт!

Продолжительность спектакля: 1 час 40 минут
Премьера спектакля состоялась: 6 ноября 2010 года

Вс15 января 2017, 18:30

Купить билет Келіндер көтерілісі 2017.01.15 18:30     

Рассказать друзьям:

Адрес:

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Абылайхан даңғылы, 38 (М.Мәметова көшесінің қиылысы)
Телефондары:
+7 (727) 273-22-48 (Әкімшілік)
+7 (727) 271 42 37 (Касса)

Государственный Академический Казахский театр для детей и юношества имени Г.Мусрепова

г. Алматы, ул. Абылайхана, 38 (уг.ул. Маметовой)
Телефоны:
+7 (727) 273-22-48 (Администрация)
+7 (727) 271 42 37 (Касса)

www.teatr-musrepov.kz

Добавить отзыв

Защита от автоматических сообщений

Купить билет

  • Стеклянный
    Стеклянный зверинец

    Она не только красивая и хрупкая, но обладает богатым внутренним миром. Эта девочка, сидя в своей комнате, любуется коллекцией стеклянных фигурок зверей, своей единственной отрадой. А еще платонически обожает юношу, который нравился ей в школе. Но когда судьба благосклонно дарит ей невероятную встречу именно с героем ее грез, так теряется, что не может заинтересовать гостя. Джим очень доброжелателен с ней, но Лаура поступает вопреки всякой логике и прячется от того, о встрече с кем так мечтала! Не может сделать ровным счетом ничего, чтобы не упустить потенциального...

    Ещё...
  • Леди
    Леди

    Одно из достоинств антрепризных проектов — возможность увидеть вместе сразу нескольких звезд кино и сцены. Особым подарком для публики спектакля «Леди» будет встреча с Анастасией Волочковой, которая продолжает развивать свою карьеру драматической актрисы. Комедия положений — один из старейших театральных жанров, существовать в котором не просто. Он требует от актера достойного чувства юмора и умения «держать планку», не скатиться в пошлость. Если это удается, получается настоящий праздник для зрителя.

    Ещё...

Гастроли